Кәсіпорын тарихы

«Еңбек-Өскемен» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны қылмыстық-атқару жүйесі саласында сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында құрылған.

Кәсіпорын тарихындағы негізгі кезеңдер:

1999 жылдың 19 қазанында – қылмыстық-атқару мекемелерін құрылымдау нәтижесінде «Еңбек-Өскемен» ДРК болып құрылған. Кәсіпорын ШҚО әділет Басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелген. Тіркеу № 9543-1917-ГП. Жарғы негізінде 8 филиал құрылып, әрбіреуіне өзіндік бухгалтерлік теңгерім анықталған:

  • Филиал №17, орналасуы ОВ 156/2 мекемесі (Өскемен қаласы)
  • Филиал № 30 орналасуы ОВ 156/3 мекемесі (Өскемен қаласы)
  • Филиал № 65 орналасуы ОВ 156/6 мекемесі (Половинка а., Шемонаиха ауданы)
  • Филиал № 112 орналасуы ОВ 156/12 мекемесі (Свинчатка а., Үлкен Нарым ауданы)
  • Филиал №118 орналасуы ОВ 156/13 мекемесі (Өскемен қаласы)
  • Филиал № 11 орналасуы ОВ 156/14 мекемесі (Семей қаласы)
  • Филиал № 35 орналасуы ОВ 156/15 мекемесі (Семей қаласы)
  • Филиал №110 орналасуы ОВ 156/16 мекемесі (Шуақ кенті, Жарма ауданы)
  • Участок № 1 орналасуы ОВ 156/1 мекемесі (Өскемен қаласы)
  • Участок № 2 орналасуы ОВ 156/19 мекемесі (Семей қаласы)
  • Участок № 3 орналасуы ОВ 156/20 мекемесі (Өскемен қаласы)
  • Участок № 4 орналасуы ОВ 156/18 мекемесі (п. Шуақ, Жарма ауданы)

25 маусым 2002 ж. – ҚР 2001 ж. 16 маусым «ҚР қылмыстық-атқару жүйесін реформалау және оның қызметкерлерінің статусы бойынша кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулармен өзгерсітер енгізу туралы» № 244-П-2001 Заңына сәйкес, «Еңбек-Өскемен» РМК болып қайта тіркелді, себебі, қылмыстық-атқару жүйесі Әділет министрлігінің құызырына өткен. Осыған орай, РМКның 8 филиалы дәл осындай қайта тіркеуден өткен.

27 қараша 2002 ж. – жылу қуатын өндіру, тарату және қамту қызметін жүзеге асыру үшін «Еңбек-Өскемен» РМКға, ШҚО Әкімімен № 0000104 лицезиясы табыс етілді.

2004 ж. – № 112 филиал жойылды (ҚР Үкіметінің 2004 ж. 12 тамызындағы № 843 Қаулысына сәйкес)

18 наурыз 2005 ж. – кәсіпорынмен № 003958 лицензиясы алынды. Лицензия ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігімен беріліп, электр қуатын тарату және беруге, электр желілерін және стансаларды пайдалануға, электр қуатын қайта сату мақсатында.

2005 ж. – кәсіпорынды сақтап қалу мақсатында (банктроттық жағдай алдында) ҚАЖ Комитетінен «Еңбек-Өскемен» РМК оңалту үрдісіне рұқсат берілген. Кәсіпорын қызметін тиімді ұйымдастыру және жойылу үрдісін алдын-алу мақсатында оңалту жоспары әзірленіп. 

30 маусым 2006 ж. -  «Еңбек-Өскемен» РМК реттелетін қызмет түрлері бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тізімі республикалық бөліміне қосылған: электр қуатын  тарату және тасымалдау қызметі.

9 тамыз 2006 ж. – «Еңбек-Өскемен» РМК реттелетін қызмет түрлері бойынша ШҚО бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тізімі жергілікті бөліміне, келесі реттелетін қызмет түрлері бойынша қосылған: жылу қуатын өндіру, тарату және қамту бойынша қызмет түрі, су шаруашылығы және кәріз жүйесі қызмет түрлері. 

2007 ж. -  № 118 филиалында қызмет тоқтатылды және барлық активтер және міндеттер № 30 филиалға берілді, ол жерде ауылшаруашылық учаскесі ұйымдастырылды.

2007 жылдың екінші жартыжылдығында № 30, № 65 филиалдарында өндірістік қызметтері тоқтатылды және олардың базасында өндірістік учаскелер құрылды.

Әкімшілік шығындарды қысқарту мақсатында № 35 филиалдың қызметі тоқтатылды жәнеде № 11 филиал базасында № 35 өндірістік учаскесі құрылды. 

2009 ж. – «Еңбек-Өскемен» РМК оңалу үрдісі аяқталды. Кәсіпорын таза табыс есебінен қондырғылар паркін жаңартып алды. Қаржылық жағдай тұрақтанды.

2009 ж. қарасты «Еңбек-Өскемен» РМК облыстың ірі кәсіпорын қатарына қосылып, өндірілетін өнім жинағы бойынша алдыңғы қатарға шықты. «Самұрық-Қазына» ұлттық тұрақтандыру қоры» АҚ-на Отандық тауарөндірушілер және қызметтер Тізіміне қосу бойынша орасан зор жұмыс атқарылды.

Осы жылы «Еңбек-Өскемен» Өскемен қаласының құрылыс бөлімінен бір қабатты кешенді және көп қабатты үй құрылысына тапсырыс алды. Тапсырыс беруші Өскемен қаласының құрылыс бөлімі.  Сонымен қатар, «Земстрой» ЖШС, «Кэмонт» АҚ, «Казтепло Спецстрой» ЖШС, «Бипек-Авто» ЖШС-мен бірлесіп субмердігерлік жұмыстар атқарылды.

Қаржылық шебін бекіту мақсатында және кең ауқымды тұтынушыларға шығу мақсатында «Еңбек-Өскемен» РМК, жыл сайын «Прииртышье-2009» анықтамасында кәсіпорын туралы жарнама орналастырды. Анықтама Өскемен, Семей, Павлодар қалаларында таратылады. Сонымен қатар, жарнамалық буклеттер әзірленіп, таратылды.

2009 жылдың 9 ақпанында - 2009 жылы, «Еңбек-Өскемен» РМК, Өскемен, Семей, Павлодар қалаларына таратылатын «Прииртышье-2009» жыл сайыңғы анықтамасына жарнамалық ақпарат орналастырды. Жәнеде, жарнамалық қаптамалар (буклеттер) жасалып, Өскемен қаласының Әкімдігіне, ШҚО бойынша Әкімідігіне, ШҚО бойынша Басқармалармен Департаменттерге, және Өскемен қаласымен Семей қаладарының ірі кәсіпорындарына таратылды.

2009 жылдың 09 ақпанында, Шығыс Қазақстан облысы Әкімдігінің атынан облыс әкімі А.С. Бергеневпен, ҚАЖ Комитеті атынан Комитет төрағасы М.А. Аюбаев, бірлесіп қызмет көрсету туралы Меморандумға қол жеткізді. Меморандум бойынша, облыс Әкімшілігі, «Еңбек-Өскемен» РМК шығаратын тауарларға тапсырыс алып беруге, құрылғылар қорын жаңартуға, Ұлан ауданы, Саратовка ауылында орналасқан, қоныс-колониядағы сотталғандармен ауылшаруашылық өнімдерін өндіру жобасын жүзеге асыруда, қолғабыс етуге, міндетемме алды.

Тапсырыс берушілермен, тұтынушыларды ақпараттандыру мақсатында, 2009 жылдан бастап, «Еңбек-Өскемен» РМК, республикалық және аймақтық дәрежеде өндіретін тауарлар бойынша көрмелерге қатысып, өзіде көрме ұйымдастырып келе жатыр 

2009 жылдың 18 қыркүйегінде, «Еңбек-Өскемен» РМК, ОВ-156/2 мекемесінің жайында көрме ұйымдастырды. Көрмеге, Шығыс Қазақстан облсының әкімі, аймақтың мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, ҚР ӘдМ ҚАЖ Комитеті басшылығы, жәнеде облыс кәсіпорындарының өкілдері, қатысты.

2009 жылдың 16 қазанында, Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің № 5 ғимаратында, «Еңбек-Өскемен» РМК шығаратын тауарлардың екінші көрмесі өтті. Көрме Шығыс Қазақстан облысының кеңейтілген отырысына қарасты өткізіліп, аталмыш көрмеге барлық аудандардың әкімдері қатысты.

2009 жылдың 20 қарашасында, «Еңбек-Павлодар» Республикалық мемлекетттік кәсіпорыны өткізген көрмеге «Еңбек-Өскемен» РМК, ауылшарушылық саласындағы, тігін өндірісіндегі, ағаш және металл өңдеу саласындағы, құйма өндірісіндегі, өндіруші ретінде,  қатысты. Көрме Павлодар қаласының Драма театрының холлында өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының 80-жылдық мерейтойына орай, облыс аумағында қызмет ететін кәсіпорындардың тізбесі бар «Кім ол Кім» арнайы басылымы әзірленді. «Еңбек-Өскемен» РМК, басылымның бір жақ бетін толық алып, ол бетте кәсіпорынның тарихы, басшылығы, және өндіретін тауарлар тізбесі толық басылды.

2009 жылы, ШҚО, Семей қаласының әкімімен, ауылшаруашылық дақылдарын өсіру мақсатында Приречное ауы

лында орналасқан жерлерді пайдалану үшін құжаттарды  рәсімдеу бойынша сұрақтар талқыланды. Нәтижесінде, Приречное ауылдық округі Әкімдігінің, 2010 жылдың 22 маусымындағы № р-48-01 өкіміне сәйкес, Кәсіпорын көкөніс дақылдарын өсіруге уақытша жер телімін пайдаланушысы актісін алды.

2009 жылдың 30 сәуіріндегі ШҚО әкімінің № 51 Қаулысына сәйкес, Кәсіпорынға, 49 жылға, балық өсіру мақсатында, Шемонаиха ауданында орналасқан балық тоғаны берілді.

2010-2011 жж. Кәсіпорын бірнеше ірі нысандардың құрылысын игерді:

  • Өскемен қаласы, Өтепов көшесінде орналасқан 95 пәтерлі, 6 қабатты үй құрылысы;

  • 22 ықшам ауданында тұрғын үй кешендерінің құрылысы;

  • БИПЭК АВТО үшін кіріс темір жолының құрылысы;

  • Өскемен қаласы, Машиностроителей көшесі бойынша Бизнесті дамыту аймағының құрылысы;

  •  Қалбатау ауылында 140 орынды бала-бақша құрылысы;

2013 жылы, «Еңбек-Өскемен» РМК-ның № 17 филиалы жойылып, оның орнына № 17 өндірістік учаскесі құрылды.

2014 жылдың қараша айына қарасты кәсіпорын тұрақты кіріске ие болды. Кәсіпорынның 2 филиалы (РМК № 110 Ф және РМК № 11 Ф) және 4 өндірістік учаскесі бар - № 17, № 30, № 35, 65.